
«Тілтаным» – ұлттық құндылық пен жасанды интеллект тоғысқан интерактивті сайт. Бұл платформада оқушының дүниетанымы кеңейіп, ана тілінің лингвотанымдық қырларын шағын зерттеу жобалары арқылы меңгереді. Құндылыққа негізделген ойын-сабақтар оқушының ойлауын тереңдетіп, тілдік тұлғасын қалыптастырады. Мұғалімге ұлттық негіз бен инновацияны үйлестіріп, оқу процесін заманауи форматта жүргізуге мүмкіндік береді.



