Мақсат:
Үздіксіз кәсіби өсу арқылы білім сапасын жүйелі түрде арттыруға, педагогтердің құзыретін заманауи талаптармен үйлестіруге және мектептің даму траекториясына нақты ықпал ететін инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруға үлес қосу.
Білімі:
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- Қазақ тілі мен әдебиеті ғылымдарының магистрі.
Қызметтік тәжірибе:
№38 Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Авторлық бағдарламалар, жобалар:
- Морфология және мәтінтану, 6-сынып;
- Сөз сыры;
- Тілтаным, 7-сынып;
- Синтаксис және стилистика, 9-сынып;
- «Дүниетаным көкжиегі» оқырмандар клубы.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- Іскерлік ойын технологиясы;
- Магистрлік диссертация: Қазақ-башқұрт тіліндегі фразеологизмдердің этномәдени сабақтастығы.
Цифрлық құзыреттер:
ChatGPT, Gemini, Wordwall, Canva AI, Padlet, интерактивті тапсырмалар әзірлеу, цифрлық аналитика.
Құзыреттер:
Стратегиялық жоспарлау, педагогикалық менеджмент, зерттеу, коммуникация, инновациялық оқыту.
Ұстаным:
Ұлттық құндылықтардың танымдық мүмкіндігін заманауи білім беру ұстанымдарымен ұштастыра отырып, оқушының ойлау, құндылық және тұлғалық дамуын қолдайтын тұрақты әрі тиімді оқу ортасын қалыптастыру.

